$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Нұр-Сұлтанда қызды жабылып зорлағандардың бірі 11 жылға қамалды

AstanaTV
17.09.2019ж. 20:00
3870
Нұр-Сұлтанда қызды жабылып зорлағандардың бірі 11 жылға қамалды

11 жылға сотталды. Қызды жабылып зорлаған деген күдікке іліккен, Шоқан Әбілқасымовқа сот осындай үкім кесті. Аты шулы бұл қылмыс 2017-ші жылдың жазында болған. Қылмысқа қатысы бар екі адам болса, бірі өткен жылы түрмеге қамалған еді. Екіншісі іздеуде жүріп биыл ғана табылды. Сот отырысынан оралған Айя Мүтәлі тарқатады. 

Айя МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:

Шоқан Әбілқасымовқа қызды зорлады деген айып тағылып отыр. Ол осыдан 2 жыл бұрын досымен бірге өзінің сүйіктісіне қатысты қылмыс жасаған. Қаскөйлерлер қашып құтылмақ болған қыз, терезеден секіріп, ауыр жарақат алған. 

Саина РАИСОВА, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Мен қатты шошығаннан кейін, үшінші қабаттан қалай секіріп кеткенім есімде жоқ. 4 рет ота жасаттым. Сот процесі мен маған көрсетіліп жатқан қысым денсаулығыма әсер етіп те жатыр. Адам ұқсап отыра, тұра, жүгіре де алмаймын.   

Қызды жабылып зорлағандардың бірі былтыр 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал оның сыбайласы Шоқан Әбілқасымов бір жарым жыл бойы Қырғызстанда бой тасалап жүрді. Осы жылдың наурыз айында ғана қолға түскен.  

По одной статье суд назначил 11 лет 3 месяца. По другой статье 11 лет 2 месяца. Путем поглашения суд назначил 11 лет 3 месяца. Отбивать срок будет в колонии максимальной безопасности 

Әбілқасымов тағылған айыппен келіспеді. Ол өзінің кінәсіз екенін алға тартып, сот отырысында тіпті жылап жіберді.  

- Они собиралась за меня замуж. Она вымогала у меня деньги.  

Айя МҮТӘЛІ, ТІЛШІ:

Жәбірленуші күдіктіден 20 млн теңге талап етті. Алайда, Моральдық өтем үшін сұралған бұл қаржыны алқа би тым көп деп танып, 1,5 млн теңге деп бекітті. Себебі оның кәмелет жасқа толмаған балалары бар екен. 

А. Мүтәлі