Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Шамалғандық тұрғындар бүгін аудан орталығына жиналды

Шамалғандық тұрғындар бүгін аудан орталығына жиналды

Шамалғандық тұрғындар бүгін аудан орталығына жиналды. Олар жергілікті атқамінерлерден көпір салуды тағы талап етті. Автокөлік пен теміржолдың түйіскен тұсындағы кептелістен, әбден қажығандарын айтып наразылықтарын ашық танытты. Ал «Қазавтожол» өкілдері көпір салу оңай болмайтынын айтты. Ол үшін сол жердегі бірқатар үйлер мен жанармай құю бекеттерін сүру керек деді.

Жаңабай ҚОБЫЛАНДИН, «QAZAVTOZHOL ҰК» АҚ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Қазір көпір сұрап жатқан халық, ертен үйлерін сүреміз дегенде 2 мен 10 миллион теңге аралығында ақша сұрайды. Бұған көзім жетеді көпірдің кесірінен баспаналардың бағасы өсіп, 100 млн теңгеге дейін жетеді. "Алтын Орда" базары мен БАКАД-та осындай жағдаймен жұмыстар ұзаққа созылуда.

Жергілікті халық өткелдегі тәртіптің де күшейтілуін сұрап отыр. Бір бағыттағы жол қозғалысын жасап, бағдаршам орнатуды талап етті. Алайда аудан басшысы да тұрғындардың талабын уақыттың еншісіне қалдырды. Ал облыс әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров болса, ауданға үлкен айналма жол салынады,- деді. Құрылысын тездетіп бастауға уәде етті. Бірақ оның қағаздағы жоспары жаңа жылға дейін жалғасатынын ескертті. 

Ә. Лесбек