$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Шекарадағы қақтығыстан 1 адам қаза тапты

AstanaTV
17.09.2019ж. 20:00
2189
Шекарадағы қақтығыстан 1 адам қаза тапты

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы атыстан бір адам қаза тапты. Қақтығыстан жарақат алғандар саны оннан асады. Жапа шеккендер арасында бейбіт тұрғындар да бар. Әзірге қай тараптың оқ атқаны белгісіз. Бірақ екі ел бұған бірін-бірі кінәлап отыр. Тараптар шиеленістің себебі шекарадағы даулы учаскенің құрылысы, дейді. Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Тәжікстан елшісіне наразылық білдірген. Бішкек тіпті тез арада тергеуді бастап, тиісті шара қолдануды талап етті. Қазір шекарадағы жағдай тұрақты. Қырғыз басшысы Сооронбай Жээнбеков әскери текетіреске жол бермейтіндігін жеткізді. Ал екі сағат бұрын Тәжікстан билігі атыс кезінде 3 шекарашының мерт болғанын растады. Екі ел осыдан 10 жыл бұрын "даулы аймақта құрылыс жүргізбейміз" деп уағдаласқан. Бірақ уақыт өте көршілердің келіссөзі өзгере бастағандай.