Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевті қабылдады

AstanaTV
18.09.2019ж. 20:00
1854
Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевті қабылдады

Ел үшін тұрақтылық маңызды. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдаған, Елбасы осыны қадап айтты. Кездесу барасында Ассамблеяның қызметі және ХХVII сессияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру жұмыстары сөз болды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның тұрақтылықтылықты сақтау және қоғамның бірлігін нығайту үшін атқарылып жатқан шараларын атап өтті. Қазір әр өңірде кіші ассамблеялар бар, Достық үйлері де ашылған. Жансейіт Түймебаев этномәдени бірлестіктердің атынан Елбасына бейбітшілік пен келісімді сақтап, сондай-ақ ел экономикасын дамыту ісіндегі жетістіктері үшін ризашылықтарын жеткізді. 

А. Данияр