Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Биліктегі бірқатар ауыс-түйіс

AstanaTV
18.09.2019ж. 20:00
2458
Биліктегі бірқатар ауыс-түйіс

Билікте тағы да ауыс-түйіс! Қырымбек Көшербаев қызметінен кетті. 64 жастағы шенеунік Президент әкімшілігін небары 3 ай басқарған еді. Енді бұл орынды Қарағанды облысының экс-әкімі Ерлан Қошанов тізгіндейді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұдан бөлек, наурызда мемлекеттік хатшы болып барған Марат Тәжин де қызметінен босатылды. Әріптесінің орнына енді Қырымбек Көшербаев келді. Әзірге Тәжиннің қандай қызметке баратыны белгісіз. Ал Роман Скляр Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін тізгіндеген. Бұл лауазым Бейбіт Атамқұловқа бұйырды. 55 жастағы шенеунік былтырдан бері Сыртқы істер министрлігін басқарған болатын. Президент Жарлығымен бұл қызметке Мұхтар Тілеуберді тағайындалды.

А. Бектас