Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

М.Әбіләзовтің 7 сыбайласына үкім шығарылды

AstanaTV
20.09.2019ж. 20:00
3058
М.Әбіләзовтің 7 сыбайласына үкім шығарылды

Қашқын банкир Мұхтар Әбіләзовтің өз еркімен елге оралған 7 сыбайласына 7 жарым млн теңгеге дейін айыппұл салынды. Оның үшеуі - Қазақстанның, тағы үшеуі - Ресейдің, біреуі -Украинаның азаматы. Мұны бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Сергей Перов айтты. Кінәсін мойындаған айыптылар тергеу кезінде Әбіләзовтің алаяқтық істерін түгелдей жайып салған. Алматының Медеу аудандық соты Үкім шығарғанда: олардың қылмыстық әрекеттен ешқандай материалдық пайда көрмегенін де ескерді. Тек бастықтарының айтқанын орындап қана отырған деді. 

Cергей ПЕРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

М.Әбіләзовтің қоластында бұрын істеген қызметкерлер әрдайым жасырынып, өмірлерін үреймен өткізуге мәжбүр болып жүргенін білеміз. Олар туыстарын да көрмейді. Қарапайым күнкөріске қаражаттары жетпегендіктен, әр түрлі жұмыс істеп жүргендерінен де хабардармыз. Сондықтан тергеу мен соттан қашып жүрген Әбіләзовтің барлық сыбайластарын өз еркімен елге қайтуға шақырамыз.

Сергей Перов экс-банкир Мұқтар Әбіләзов ісі бойынша осымен 18 тұлға өз еркімен берілгенін айтты. Тағы сонша азамат іздестіріліп жатқан көрінеді. Егер елге өздері оралмаса, халықаралық әріптестік арқылы экстрадицияланады деді агенттік өкілі. 

Д. Қайыртай