$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушінің 100-ден астам орны бос тұр

AstanaTV
20.09.2019ж. 20:00
4813
Нұр-Сұлтанда өрт сөндірушінің 100-ден астам орны бос тұр

Жыл сайын өрт сөндіруші мамандығы бойынша 29 курсант диплом алады. Бұл елдегі қажеттілікті өтей ала ма? Бір ғана Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру бөлімдерінде 100-ден астам кадр қажет. Өрт сөндірушілер неге аз? Оларға қойылатын талап қандай? Сауалдарға жауап іздеген Асылбек Даниярдың репортажы. 

Отыз жасты алқымдаған өрт сөндіруші Төлеген Байбахин өз ісінің хас шебері. Оның осы салада жүргеніне 13 жыл болған. Қызметінің аса күрделі, әрі қауіпті екенін мойындайды. Бірақ бала күнгі арманынан бас тарта алмай келеді.

Төлеген БАЙБАХИН, ӨРТ СӨНДІРУШІ:

Бұл саланы таңдағаным әскери борыштан кейінгі мемлекеттік жұмыс бірден. Екіншіден бала күннен армандаған жұмыс болғасын адам құтқару + ажалдан ажыратып алу міндет болған соң келдім.

Дегенмен бүгінде бұл салада маман тапшылығы өткір тұр. Ниет білдіретіндер де аз. Оған бірнеше фактор себеп,- деді астаналық өрт сөндірушілер.  

Саят ҚАЖЫМОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ӨРТ СӨНДІРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда вакансия бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында жүзге жуық адам жетіспейді. Оларға қойылатын талап, алғашқы физикалық тұрғыда мықты болу керек. Физикалық сынақ тапсырады. Ең негізгісі ол денсаулық. Медициналық комиссиядан өтеді.

Ел аумағында тек Көкшетауда ғана өрт сөндірушілер даярланады. Орташа есеппен жыл сайын 29 курсант "Өрт сөндіру және авариялық құтқару" мамандығы бойынша диплом алады. Олардың жұмыспен қамтылуын да оқу орны өз бақылауына алған.   

Ерлан ҚАЙЫРБАЙҰЛЫ, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ "КҮНДІЗГІ ОҚЫТУ" ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫ-ӘДІСКЕРІ:

Жұмыспен қамту 100 пайыз Мемлекеттік құқық қорғау органы ішіне ілесетін болғаннан кейін біздің курсанттарымыз әр территорияда қабылданады да сол территорияларға біз аумақтың органдарға жіберіледі. 100 пайыз қабылданады. 99 пайыз емес 100 пайыз.

Дегенмен бұл мамандық қай кезде де қажет. Соңғы кездері өрт дерегі көбейген. Өткен жылы 7 жарым мыңнан аса өрт жағдайы тіркелсе, биыл жыл аяқталмай 8000-ға таяған.

А. Данияр