$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Солтүстік Корея ядролық соғыстың кез келген уақытта басталып кетуі мүмкін екенін жариялады

AstanaTV
17.10.2017ж. 20:00
2812
Солтүстік Корея ядролық соғыстың кез келген уақытта басталып кетуі  мүмкін екенін жариялады

Ресми Пхеньян ядролық соғыстың кез келген уақытта басталып кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы отырысында Солтүстік Кореяның осы ұйымдағы ресми өкілі Ким Ин Рен жариялады, - деп хабарлайды Рейтерс. Дипломаттың сөзінше, АҚШ-тың барлық аймағында олардың зымырандары бар. Егер Ақ үй тарапынан қандай да бір  қауіп төнетіндей жағдай туындаса, оларға берілетін жаза дайын көрінеді.  Мәселенің ушыққаны сонша, Қытай ғана емес, Ресей де Солтүстік Кореяға санкция жариялады. Яғни КХДР-мен ғылыми-техникалық және сауда серіктестіктерін азайтуға мүдделі.

Диана САПАРҚЫЗЫ