$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жетім балаларға арналған баспана кезегі 10 жылдан бері жылжымаған

AstanaTV
20.09.2019ж. 20:00
5530
Жетім балаларға арналған баспана кезегі 10 жылдан бері жылжымаған

Жетім балаларға арналған баспана кезегі 10 жылдан бері жылжымай келеді. Нұр-Сұлтандық балалар үйінің бұрыңғы тәрбиеленушілері баспана кезегінің кері кетіп жатқанын айтады. Қала берді, интернат қабырғасынан қош айтысқан күннен бастап, тұрғылықты мекен-жайсыз жүр.

- Вы любите такое, слово говорить, ждите, ждите. У меня двое детей. Вы спросите как мне их кормить.  

Бұл 10 жылдан бері қолдарына пәтер кілтін ала алмай келе жатқан тұл жетімдердің жанайқайы. Олар үй кезегінің дұрыс жылжып жатқанына күмәнмен қарайды.  

Азиза ТОҚАЙ:  

Қазір 358. Екі жұмадан бұрын 340 болды. Осы жерге құрылыс үй жағына барғанда айтам неге мен көтерілдім төменге. Олар айтады. Біз ол сұраққа жауап бере алмаймыз, біз әлі шешіп жатырмыз. Бізде ата-аналар, котырые бізді күтіп жүретін, шай ішетін. Қиын жағдай болғанда біз келе алмаймыз. Бізде ешкім жоқ. Неге соны түсінбейді олар.

Жақынымыз жоқ деп шыр-пыр болған тұл жетімдердің тұрғылықты мекен жайы жоқ. Сондықтан әр үш ай сайын уақытша тіркеуге тұруға мәжбүр.   

Алена ЛАГУТКИНА: 

Біз еш жерге тіркеуге тұра алмаймыз. Уақытша тұрғылықты мекен-жайды заңдастыру үшін әр үш ай сайын 10 000 теңге төлеу керекпіз. Баласы барлардың жағдайы тіптен қиын. Оларды да ақшаға тіркеуі керек. Пәтерден пәтерге көшіп, өз басын әрең асырап жүрген адамдар үшін ол өте қымбат. Ал оны уақытылы төлемесең, өсімі қомақты.

Талай табалдырықты тоздырған балалар үйінің тәрбиеленушілері бұл жолы шенділердің жауап талап етті. Әншейінде төбе көрсетпейтін қалалық әкімдіктің «Тұрғын үй қоры» комуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары да, абанда табыла қалды.  

- Есть требование определонное. Прописка. Вот почему мы вам говорим. Что очередь двигается то. Вам нужно потвердить, что вы проживаете в столице.

- А где мы будем прописоваться. Если нету. Вы понимаета мы каждый месяц платим по 20 тыс.  

Нимат АХМЕТЖАНОВ, НҰРСҰЛТАН ӘКІМДІГІНІҢ «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Кезектің кері қарай жылжуы - кезекте тұрып, бірақ кейін белгілі себептермен шығып қалғандардың тізімге қайта келуінен орын алып отыр. Мысалы,биыл 5000 астаналық тұрғын үй алу құқығынан айырылды. Біреуі қаладан кетті, бірі - ипотека алды. Бірақ олар кейіннен сот арқылы өздерінің жетімдер деген категориясын қайтып алған. Кезек сол үшін өзгеріп тұр.

Ал заңгер болса, тұрғылықты мекен-жай мәселесін шешуі оңай дейді. Заң бойынша үй жалдаушылар жалдамалы пәтердің иесінен тіркеуді талап етуге құқығы бар. Әдетте, құқықтық сауаты жоқ азаматтар оны білмей жатады деді.   

Гүлдана ЖАРМАҒАМБЕТОВА, ЗАҢГЕР: 

ҚР мемлекеттік заңнамсы бойынша 2 түрлі тіркеу бар. Уақытша және нақты. Уақытша ол бір айдан астам тұрғылықты жері болса, сол жерге әкімшілік жазаға қарамай, сол жерлде тіркеле алады.

Шенділер тұрғын үй кезегінде тұрғандарға баспананы үйлестіру осы айдың қазан айында басталатынын айтты. Бірақ «Тұрғын үй қоры» жетімдерге бөлінетін пәтер кілтінің нақты санынан хабарсыз. 

А. Мүтәлі