Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордада республика жастарының басын қосқан «Jastar Alany 2019» атты пікірсайыс турнирі басталды

AstanaTV
20.09.2019ж. 20:00
3024
Елордада республика жастарының басын қосқан «Jastar Alany 2019» атты пікірсайыс турнирі басталды

Елорда да республика жастарының басын қосқан «Jastar Alany-2019» пікірсайыс турнирі басталды. Жүлде қоры 4 миллион теңге. Шара барысында 120 қатысушы бақ сынайды. Олардың ең жасы мектеп оқушысы болса, жасы 29-ға тақап қалған түрлі сала мамандары да бар. Төрешілер үшін Британдық парламенттік және "Линкольн-Дуглас" форматы бойынша тренингтер мен мастер - класстар өтеді. 

Дәулет КӘРІБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақ баяғыдан сөзді құрметтеген халықпыз ғой, сондықтан да дебат осы біздің жастарға сөзді түсінуді, сөзді жеткізуді және ойлау арнасын кеңейтуді, кез-келген жағдайға өзіндік сараптамасын беруді үйретеді деп ойлаймыз. 

Ә. Өмірзақ