Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Зағип марафоншылар Алматыдан Түркістанға жол тартты

AstanaTV
23.09.2019ж. 20:00
1734
Зағип марафоншылар Алматыдан Түркістанға жол тартты

Алматыда көру қабілеті нашар спортшылар велосипедпен Түркістан қаласына аттанды. Бұл жолы марафоншылар мәреге жетуі үшін велотандемде 9 күн бойы 900 шақырым қашықтықты бағындырмақ. Биылғы халықаралық жарысқа 18 адам қатысуда. Олар 1-қазан күні мәре сызығына жетуі тиіс. Марафон кезінде спортшыларды жол бойы полиция мен еріктілер тобы бақылайды. Ерекше веложарысты «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Анашым» қоры ұйымдастырып отыр.

Бақтияр БАЗАРБЕКОВ, «ШЕКСІЗ СПОРТ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Осы веломарафон арқылы біз белсенді өмір салтын насихаттап мүмкіндігі шектеулі адамдар әлеуетінің ашылуына ықпал етеміз. Және еліміздегі экотуризмді дамытамыз. Өйткені спортшылар жолда түрлі тарихи жерлерден өтіп танымал тұлғалардың кесенелеріне соғатын болады.

Ә. Лесбек