Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Триатлон бойынша финал

AstanaTV
23.09.2019ж. 20:00
2197
Триатлон бойынша финал

Ақтауда триатлоннан ұлттық біріншілігінің ақтық сайысы өтті. Сайысқа алыс-жақын шетелден 80-ге жуық спортшы қатысты. Жарыста кәсіпқой спортшылармен қатар, әуесқойлар да келді. Олар жүгіруден және велододадан бақ сынады. Толығырақ тілші материалында. 

Ақтық сайыс күні Ақтауда қатты дауыл соқты. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жүзу сайысы тізімнен алынды.Оның орнына, спортшылар 2-3 шақырымға жүгіруден жарысты. Ақтаудағы «Ақтық сайыс жарыстардың ішіндегі ең ауыры деуге де болады дейді» - спортшылар.

Александр АВТОШКО, СПОРТШЫ (ШЫМКЕНТ):   

Төрт апта дайындалдым. Дегенмен де, мұндай қашықтыққа уақыт жағы тым аз болды.

Ақмарал ЕСПЕНБЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ТРИАТЛОН ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ МАРКЕТИНГ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫ: 

Спортшылар ауа-райының қолайсыздығына қарамай, барынша қабілеттерін көрсетті. Десе де, қатты дауыл қарсы беттен соғып, велододағы спортшыларға аздап қиындық туғызды. Жүгіру сайысындағылардың көрсеткіші төмендеу болды. Олар алдағы уақытты жұмыс жасау керектігін түсінді.

Жалпы, облысқа 80-ге жуық спортшы келді. Олардың ішіндегі 3-уі кәсіпқой, 50-ден астамы әуесқой. Мұнан бөлек эстафеталық 10 топ қатысты. 

Алматы облысының тұрғыны, 59 жастағы Бақытжан Бектенов әуесқой спортшы. Аптасына 10 сағат уақытын спортқа арнағандығының арқасында, бүгінде 9 жүлделі жеңісі бар.  

Бақытжан БЕКТЕНОВ, СПОРТШЫ (АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ):

Өте өркендеп, дамып жатқан спорт түрі. Соны жастарға кішкентай жеткіншектерге үлгі болсын деп, жасымызға қарамастан спортпен айналысып жатырмыз. Өте қызықты

Ақтық сайыстың қорытындысы бойынша, Элит дәрежесінде бірінші орынды Александр Автошко иеленді. Әуесқой спортшылар арасынан Алексей Кутцев үздік деп танылды. Әйелдер арасынан жүлделі орынды Эльфира Дудник алды. Триатлон федерациясы желтоқсан айында қатысушылардың баллын есептеп, "Темірадам" кубогының жеңімпаздарын анықтайтын болады. 

Ж. Арғынова