$537.91 €628.87 ₽6.6
×

ТЖ мамандары 9 айда 8 мыңнан астам адамды түрлі апаттан құтқарған

AstanaTV
17.10.2017ж. 20:00
ТЖ мамандары 9 айда 8 мыңнан астам адамды түрлі апаттан құтқарған

Кәсіпорындарда жыл сайын кемінде 250 адам түрлі апат салдарынан мерт болады. Осы жылдың 9 айында төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін өрт сөндіру, жедел құтқару мамандары 58 мыңдай оқиға орнына шыққан. 8 мыңдай адам ажал аузынан құтқарылды. Төтенше жағдай мамандарының кәсіби мерекесі қарсаңында тілшілер қауымы «құтқарушылардың» қиын да жауапты жұмысын көзбен көріп, басынан кешірді.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Сонау 93-ші жылдары Есіл тасып, сол кездегі Ақмоланың сол жағалауында орын тепкен саяжайлар түгел суға кеткен. Ал шахар «Астана» болғалы Президент тапсырмасына сай алып бөгет салынған. Ол Елорданы көктемгі қызыл судан қалқалап тұр. Таяз көрінгенімен бұл су реттегіште 278 млн текше метр су жиналған кездер болыпты.

Ернат Сұраншиев, Астана қаласы су реттегішінің басшысы:

Жылда ауа райына байланысты су әркезде әр қалай келеді, негізгі мақсатын бұл бөгет қазір  толық орындап тұр.

Ал мынау ІІМ қарасты ТЖ комитетінің «Қазавиа құтқару» мекемесі. Әуе кемелері осы жылы 565 мәрте көкке көтерілген. Бақытқа орай осы мекемеге тиесілі ұшақтарда штаттан тыс жағдайлар болмапты. Сан авиацияға да сандаған мәселеге де аман барып сау қайтып тұр. Барлығы 28 тік ұшақ бар.

Мына ұшақ сыртынан шағындау көрінгенімен, ішінде 13 адамға шақталған орын бар. Ол аз десеңіз 5 тоннаға дейнгі жүкіт көтере алады. Онымен қатар өрт сөндіруде таптырмас құрал.Биыл жазда бірнеше өрт сөндіруге жұмылдырылыпты.

112 құтқару нөміріне тәулігіне 500-ге дейін қоңырау түседі. Келген ақпарат бірден өңделіп, тиісті мамандарға жіберіледі. Мысалы жалақысын ала алмай әбден әбігер болған азамат бірде кранның үстіне шығып, секіріп өлмек болады. Алайда жедел жеткен психологиялық бөлім мамандарының арқасында оқиға ақылмен шешілген.

Назым Ілиясова, ТЖК жедел психологиялық көмек бөлімінің психологы:

Бірінші орында ол кісімен қарым қатынас орнату керек. Екіншіден оған ақпарат беру керек, не болып жатқаны туралы. Себебі ол бейімдеуге келмейтін күйде болады. Үшіншіден ол кісінің жеке ақпараттары туралы сөйлессе, ол адам тыныштала бастайды.

Төтенше жағдай десе ойға бірден «өрт» келеді. Жыл басынан бері өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі 3654 адамды құтқарған. Өрт сөндірушілер біліммен қатар білектегі күшке де ден береді. Жіті дайындық жүйелі жұмыстың негзі дейді олар.

Жасұлан Қайсарбеков, өрттен құтқару спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

Басты мақсат - бізде адам өмірін құтқарып қалу. Ең бірінші рет өртке шыққанда, кішкентай балларды алып шыққам бір өрттен.

Өрт сөндірушілердің қиындау жұмысын бізде ішінен көргіміз келді мына ғимаратта ауа температурасы қолдан 80 градусқа дейін көтерілген, көк түтін. Бізге берілген тапсырма бөгеттерден аман өту керек. Тек мына киім шамамен 25 келі, ал, кислород шамамен 50 келіге жуық.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Өрт сөндірушілерге әр минут, әр секунд қымбат екен, соны аңғардық. Әр сәтте араша түссіп, қалайда бір жанды болсын аман алып қалуға тырысады. Бізде осыны байқап көргіміз келді. Шын негізінде өрт сөндірушілердің жұмысы біз ойлағаннан әлде қайда қиын екен.