$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 23 адам зардап шекті

AstanaTV
24.09.2019ж. 20:00
2124
Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 23 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтанда жол апаты орын алып, 23 адам зардап шекті. "Хова" маркалы автокөлік пен 64-ші бағытағы автобусы соқтығысқан. Автобус жүргізушісі ауруханада жатыр. Асылбек Даниярдың репортажы. 

Жол көлік апаты кезінде жүк көлігін 22 жастағы жігіт тізгіндеген. Полицияның дерегінше ол рөлге ие бола алмаған. Мұстафа Кемаль көшесінің қиылысындағы жолды қиып өтіпек болып, басты жолда келе жатқан автобуспен соқтығысқан.

Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ :

Жол-көлік оқиғасы жүк көлігі жүргізушісінің мұқиятсыздығынан орын алып отыр. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодесексінің 345 бабы бірінші бөлігі бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Қажетті сараптамалоар тағайындалды.

64-ші бағыттағы автобус қаладағы 7-ші автопаркке тиесілі. Автопарк бұл жағдайға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Тиісінше, жағдайдан хабары бар әріптестері жүргізушінің жағдайы қалыпты екенін айтты. 

№64 АВТОБУСТЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: 

Жағдайы бір қалыпты дейді. Больницада күндіз болған. Сағат 2-лерде ма 1 бірлерде ма болған.

Апат кезінде автобус жүргізушісінен бөлек, 22 жолаушы дене жарақатын алған. Олар жедел түрде қалалық номері 1-ші ауруханаға жеткізілді. Жолаушыларға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілген.  

Бауыржан ҚЫСТАУБАЕВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ДӘРІГЕРІ:

Бізге түскен жүргізушісі нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Басыннан соққы алған. Дене жарақаттары бар. Біз оны томографиялық тексеру кезінде, ешқандай қауіпті белгілер байқамадық. Науқастық жағдайы бірқалыпты.

Қоғамдық көлік жүргізушісіне медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал, жүк көлігін басқарған 22 жастағы жігіт жылдамдықты асырып, ережені дұрыс сақтамаған үшін тергеуге алынған.  

А. Данияр