Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Жас Отан» жас дарындарды іздейді

AstanaTV
17.10.2017ж. 20:00
3058
«Жас Отан» жас дарындарды іздейді

Қарағандылық жасотандықтар жас дарындарды іздеуге кірісті. Бүгін арнайы конференцияда студент жастардың басын қосып, көкейлерінде жүрген тың жоспарларымен танысты. «Жас Отан» жастар қанатының  белсенділері инновациялық ғылым жолында жүрген болашақ ғалымдардың жобаларын жинауға кіріспек. Былтырдан бері осындай тың жұмыстар «Nurintech» республикалық байқауына жолданатын болған. Алайда  бұрын тіркелмеген, елді елең еткізер жаңалықтар ғана жеңіске жетеді.

Былтыр тұңғыш отандық дрон ойлап тапқан қарағандылық өнертапқыш 2 млн теңгенің грантын ұтып алған. Жас ғалымдардың биылғы жаңалықтары «Жас Отан» жастар қанатының ІV съезінде таныстырылады. Белсенділер осылайша Елбасының ғылымды өркендету туралы жолдауына аймақ атынан үлес қосамыз,-дейді.

Ақнұр Ернарова, «Жас Отан»жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары:

«Жалпы айтқанда, Қарағанды қаласында ғылыммен жүрген жастарды қолдау мақсатында үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Жас Отан" жастар қанатының ІV съезіне біз ең ұтымды деген идеялар мен ұсыныстарымызды міндетті түрде съезд алаңына ұсынатын боламыз Қарағанды қаласының атынан. Жастардың дамуына, өздерін дамуына үлкен үлес болады деп ойлаймын».