Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жуырда Жайық өзені экожүйесін зерттеу және су деңгейін қалпына келтіруге арналған халықаралық бағдарлама жасақталуы мүмкін

AstanaTV
26.09.2019ж. 20:00
4454
Жуырда Жайық өзені экожүйесін зерттеу және су деңгейін қалпына келтіруге арналған халықаралық бағдарлама жасақталуы мүмкін

"Жайық" өзені тартылып бара жатыр. Бұған алаңдағана мамандар мәселені бүгін Атырауда өткен трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі комиссия отырысында көтерді. Осымен 9-шы рет бас қосқан Қазақстан-Ресей мамандары халықаралық бағдарламаның қажеттілігіне тоқталды. 

Жыл сайын арнасы тарылып, суы азайып бара жатқан "Жайық" өзенінің жайы, мамандарды алаңдатып отыр. Айтуларынша, биыл өзенге келген су мөлшері ең төменгі көрсеткішке жеткен. Бұл құбылыс одан әрі жалғасса, экологияға да, халықты ауыз сумен қамтуға да, су шаруашылықтарына да кері әсерін тигізеді.   

Ғалидолла ӘЗИДУЛЛИН, ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ БАССЕЙНДІК СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

"Жайық" өзенінің орташа көп жылдық су көлемі - 9 жарым млрд текше метр. Биыл судың келіп жатқан көлемі 7 айдың төңірегінде 3 млрд текше метр шамасында су келді. 2018 жылдары бұл көрсеткіш 5,2 млрд шамасында болды және биыл суы аз жылдардың ең төменгі көрсеткіші 95 пайыз қамтамасыз етілген. Бұдан төмен қарай болатын болса, өте қауіпті жағдайлар туындайды.

Ресейліктерде трансшекаралық өзеннің жағдайына алаңдаулы. Олар да бұл құбылысқа не себеп болғанын білмейді. Зерттеу жұмыстарын жүргізуді қолға алу керек,- дейді.  

Вадим НИКАНОРОВ, РФ СУ РЕСУРСТАРЫ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Егер бұл тек қана табиғи факторлармен байланысты болса, онда жоғары жақтағы су қоймаларда судың жиналуы мен Қазақстан аумағындағы төменгі бөлікке судың көбірек жіберілуін қарастыру қажет. Ал, бұл антропогендік факторларға байланысты десек, онда біздің же, сіздің де аумақтарыңызда су жинауға квота, лимит бөлу жағын қайта қарастыру қажеттігі туындайды.

Мамандардың айтуынша, гидротехниктердің арасында 12 жылдық цикл деген деген ұғым бар. Яғни кез-келген өзенге су келу деңгейі 12 жыл қалыпты болса, келесі 12 жылда төмендейді. Ал "Жайық" өзені бассейні бұл ұғымды растамады. Өзен суының көтерілмегеніне осымен 13 жыл. Сондықтан қос тарап Үкіметке ортақ халықаралық бағдарлама бекіту мәселесін көтеруге уағдаласты.  

Сергей ГРОМОВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:  

Біз осы отырған қос тарап өз еліміздің үкіметтеріне Жайық өзенін сақтап қалу, жағдайын қалыпқа келтіру, реттеу бойынша халықаралық бағдарлама жасақтау туралы ұсыныс береміз. Алдымен, әрине сарапшылармен, ғалымдар жан-жақты зерттеу қажет. Өйткені, бізден кейінгі ұрпақ та "Жайықтың" қызығын көрсін, ең болмағанда таза суын ішсін. Әсіресе батыс облыстар осы "Жайыққа" тәуелді

Жиында бұдан өзге көктемгі су тасқыны, су қоймаларын толтыру, гидротехникалық құрылыстарды кешенді пайдалану мәселелері көтерілді. Айта кетейік, Ресей мен Қазақстан арасындағы су қатынастары 2010 жылы бекітілген трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау туралы келісім негізінде реттеледі. Осы келісімге сай "Жайық" өзенінен бөлек, "Ертіс", "Есіл", "Тобыл", "Қараөзен", "Сарыөзен" және "Қиғаш" өзендернің бассейндері бойынша 6 жұмыс тобы бар.  

Б. Нәдірқызы