Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Павлодар облысында ұстаздар сыйлық алудан жаппай бас тартты

AstanaTV
26.09.2019ж. 20:00
3885
Павлодар облысында ұстаздар сыйлық алудан жаппай бас тартты

Павлодарлық ұстаздар сыйлықтан жаппай бас тартып жатыр. Олар өз араларында «Ұстаздар сыйлық алмайды!» деген видео челлендж таратуды бастады. Әлеуметтік желілерде сыйлықтан бас тартуға шақыруда. Ұстаздарға сыйлық берген дұрыс па? Бұл қаншалықты заңды? Осы сұрақтарға Өзгеріс Қуанар жауап іздеп көрді. 

- Тереңкөл ауданы Хатшы Оспанов атындағы №3 мектептің ұстаздары оқушылар тарапынан ұстаздарға беретін сыйлықтарға қарсылығымызды білдіреміз. Себебі, мемлекет тарапынан ұстаздар қауымына жылдан жылға жағдайлар жасалады.  

Павлодарлық ұстаздар қауымы осындай бейнероликтерді әлеуметтік желілерге жүктеп жатқанына бүгін үшінші күн. Онда бір-бірлеріне эстафета жолдап, әріптестерін сыйлық алмауға шақыруда. Сондықтан оны «Ұстаздар сыйлық алмайды!» деген хэштекпен жариялап жатыр. 25 жылдық еңбек өтілі бар Гүлмира Кәкімқызы да бастаманы қолдап отыр. Ол үшін оқушысының жеткен жетістігінен асқан сый жоқ. 

Гүлмира ИГІЛІКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ №8 ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: 

Олар деген жеміс ғой. Оларды біз қалай тәрбиелесек, олар сондай болып өседі. Ол кіммнен тәрбие алады? Әрине, біздің ұстаздардан алады. Біз оны сондай нәрсеге тәрбиелесек, жемқорлық деген нәрсе болмайды. 

Ұстаздардың бұл бастамасын сыбайлас жемқорлық қарсы мекеме өкілдері де қолдайды. Өйткені, баланы жас кезінен сый-сыяпат беруге үндеу, ертең парақорлыққа апаруы мүмкін - дейді.  

Ризабек ИСАБЕКОВ, «ЕРТІС АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Заң бойынша құны 2 АЕК асатын кез-келген сыйлық заң бұзушылық болып табылады. Тіпті, қылмыстық іске жатады. 0-ден 2 АЕК аралығынң өзі әкімшілік жауапгершілік бабы. Бұл - мемлекеттік қызметкерлерге арналған. Ұстаздар мемлекеттік қызметкерлер емес, бірақ оларға да қатысты жемқорлық мөлшері белгіленген.

Сондықтан, мұғалімге алғыс білдіру де ақылға сыйымды болуы керек - құзырлы мамандар. Олар ата-аналар арасында тұрмыстық техника, қымбат әшекей немесе ақшалай сыйлық жасайтындар да табылатынын ескертті.   

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: 

Ұстаздардың сыйлықтан бас тартуы қоғам пікірін екіге бөлді. Бірі бұл мұғалімнің қажырлы еңбегіне алғыс десе, енді бірі - қарапайым сый жасау да жемқорлыққа бастайды дейді. Ал ұстазға гүл сыйлауыңызға болады. Әзірге заң бұған шектеу қойған жоқ.

Ө. Қуанар