Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Таразда мемлекет жәрдемақысына іліне алмаған аналар аймақтың әкімдік алдында айқайға басты

AstanaTV
26.09.2019ж. 20:00
4325
Таразда мемлекет жәрдемақысына іліне алмаған аналар аймақтың әкімдік алдында айқайға басты

Жыр болған 21 теңгенің дауы Жамбылда жалғасты. Жәрдемақыға іліне алмаған аналар аймақтың әкімдік алдына жиналды. Ашынған елдің айтуынша, табыс көзін есептеу комиссия жұмысында кемшілік көп. Сондықтан олар жәрдемақығы ілене алмадық,-дейді. Ал, атқімінерлер табысын жасырған 7 мың отбасы анықталды деп отыр. Тараптарды тындап қайтқан Данияр Әлімқұлдың репортажы.

Таң азанымен Жұмыспен қамту орталығының табылдырығын тоздырған ата-аналар түс қайта аймақ әкімінің алдына барды. Көп күттірген әкімнің орнына оның орынбасарлары шығып, даурыққандардың аптығын басуға тырысты. 7 баласымен жәрдемақыға жете алмаған Хамида Беласарова комиссия жұмысына шүйлікті. Айтуынша 4 темір тұлпарды отбасына тіркеген. Комиссияның «Джип» машинаны қайдан мінгізгеніне аң-таң. Күйеуімнің таксимен табатын 45 мың теңгесіне, 9 адам күн көріп отырмыз, деді.  

Хамида БЕЛАСАРОВ, КӨП БАЛАЛЫ АНА, "АЛТЫН АЛҚА" ИЕСІ: 

Алтын алқама 16 мың 100 теңге алам. Болды басқа жасырған табасым жоқ менің. Тойотаң бар, джипің бар, киа, лексусың бар дейді. Кім не айтады, соны жазып қойған міне комиссияға. Енді көршілеріме барып айтып тексеріпті джибі бар ма, анау мынау деп.

Атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай айқайға басқан аналарды салаға жауапты мамандар сабырға шақырды. Мамандар жәрдемақыдан қағылу себептерін, табысты есептеуден туындап отырғанын айтты. Олардың мәліметінше, Таразда 21 мың теңгені алуға сәуір айында 12 мың 100 отбасы ниет білдірген. Алайда олардың қазір 7500-іне ғана беріліп келеді. Тіпті осы тізімде табысын жасырып, мемлекетті май шелпек көрген 200-ден астам отбасы да анықталыпты.  

Айгүл САПАРАЛИЕВА, ТАРАЗ қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:  

Еңбек ресурстарын Дамыту орталығының мәліметіне сәйкес, 220 отбасына жәрдемақы берілу тоқтатылып, 3 айға төленген жәрдемақы қайтарылуға тиіс. Ол 220 отбасының 155-іне хабарландыру берілген. Өз еркімен қаражатты қайтармаймын деген 7 отбасының ісі сотқа берілді. Қайтарылмаған қаржы суммасы қазір 30 млн 500 мың теңге.

Ал, аймақ бойынша сәуір айынан бері 37 мыңнан астам отбасыға 12 млрд 280 млн теңге беріліпті. Мамандар облыста табысын жасыру жолымен жәрдемақыға жетпек болған 7 мың жанұя анықталды дейді. Енді олардан 134 млн теңге қаржы қайтарылу керек деп отыр. 

Д. Әлімқұл