"Жусан" операциясымен елге оралған 33 нәресте жетімдер үйін өткізілген. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өткен бирфингте, Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова айтты. Айта кетейік, жыл басынан бері, Сириядан 500-ден астам бала "Жусан" операциясының көмегімен елге жеткізілді.
Бибігүл АСЫЛОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі уақытта 254 бүлдіршін балабақшаларға орналастырылды. 153 бала мектепке барып жүр. Ал, 33 сәби жетімдер үйіне жайғастырылды. Олармен әрі қарай да профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.
Ғ. Өтемісов