Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтауда тұңғыш рет көп балалы аналарды қолдау орталығы ашылды

AstanaTV
27.09.2019ж. 20:00
3114
Ақтауда тұңғыш рет көп балалы аналарды қолдау орталығы ашылды

Ақтауда көп балалы аналарға арналған әлеуметтік қолдау орталығы ашылды. Мұндай мекеме қалада бұған дейін болмаған. Жоба жетекшілері көп балалы отбасылардың мәселелерін шешуге көмектеседі. Тек заң тұрғысынан ғана емес, психологиялық көмек те қарастырылған. Жаңа орталық жайлы тілшіміз әңгімелейді.

Мұндай орталық Ақтауда бұған дейін болмаған, бірақ оның қажеттілігі баяғыдан-ақ сезілетін, дейді жоба авторлары. Айтуларынша, өңірде 23 мың көп балалы ана тұрады. Олардың барлығы да психологиялық және заң тұрғысынан көмекке мұқтаж. Ал мұндай қолдау енді оларға тегін беріледі.    

Аят СҮГІРБАЙ, ЖОБА АВТОРЫ:  

Сонымен қатар, біз олардың әлеуметтік мәселелерін, жаңағыдай бала күтіміне байланысты алатын төлемдерін, тұрғын үйге қол жеткізу мәселелерін, әлеуметтік көмек алу мәселелерін біз қарастырып, құқықтық кеңес, ақпараттық кеңес беру арқылы олардың мәселесін шешуге көмектесеміз. Яғни, біздің басты мақсатымыз ортылығымызға келген азамататрдың белсенділігін арттыру. Санасын сауықтыру. Позитивті көзқарас қалыптастыру. оларды мотивациялау арқылы, өз мәселелерін өзі шешуге үйретуіміз керек.

Аят Сүгірбайдың айтуынша, орталыққа келушілердің мәселелері республика деңгейінде шешуді талап етсе, мұндағы заңгерлер онымен де айналысуға әзір. Сонымен қатар, аналар үшін мемлекеттік орган өкілдерімен кездесулер, тренингтер, мотивациялық сабақтар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылмақ. Мұның барлығы көп балалы аналардың әлеуметтік мәселелерін шешуге септігін тигізбек.  

Майра МҰРЗАЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:   

 Көптеген мына ажырасуға жақын отбасылар бар. Солардың мәселелерін шешіп, сөзбен болса да, керекті орталық деп ойлаймын өзім. мына үйдеде көптеген шешілмеген мәселелер дейміз ғой. Проблемалар көп. Ана мен баланың арасында, қазір өсіп келе жатқан балалардың арасында. Солармен де психологиялық көмек керек болады.

Көп балалы аналарды әлеуметтік қолдау орталығы Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен құрылды. Жоба жетекшілері идеяны басқа өңірлердің тәжірибесінен алғанын жасырмайды. Алдағы уақытта олар шалғай ауылдарды аралап, көп балалы отбасылар үшін тегін кеңес беруді жоспарлап отыр. 

А. Мүтәлі