Жаңа үйлердің бәрі қирап жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов "Nur Otan" партиясының қалалық филиалында өткен жиында осылай деді. Онда құрылыс компаниялары мен пәтер иелері кооперативінің қызметі талқыға түскен еді. Партия хатшысы Марат Сембеков, сервистік кәсіпорындардың жұмысына қазақстандықтардың көңілі толмайтынын жеткізді. Ал қала әкімі құрылыс компанияларына жаңа салынған үйлердің сапасыздығын айтып, сынға алды. Және келесі айда барлық кемшіліктерді жоюға тапсырма берді. Алтай Көлгінов пәтер иелері кооперативтеріне түсетін шағым көп деп отыр. Сондықтан тұрғындарға оның электронды нұсқасын құруды ұсындыы.
Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ӘКІМІ:
Қазір адамдардың көбі жұмыста және күндіз уақыттары жоқ екендігі түсінікті, ал демалыс күндері жақындарына көңіл бөлгісі келеді, демалғылары келеді. Сол үшін электронды ПИК-ті құратын уақыт жетті. Ол бойынша, сіз онлайн режімде жалпы жиналыс өткізіп, барлық мәселелерді онлайн режімде талқылай аласыз.
А.Данияр