$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Аудандық, қалалық білім бөлімдері облыстық басқармамен бірлесіп жұмыс істемек

AstanaTV
02.10.2019ж. 20:00
2443
Аудандық, қалалық білім бөлімдері облыстық басқармамен бірлесіп жұмыс істемек

Биылғы жылдың 9 айында "Nur Otan" партиясына білім мәселесі бойынша 2,5 мыңнан астам өтініш түскен. Оның әрбір үшіншісі оң шешім тауыпты. Бұл туралы  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың "Nur Otan" партиясының республикалық қоғамдық қабылдауы кезінде белгілі болды. Министр 10-нан астам адамды қабылдап, олардың арыз-шағымына үңіліп, ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындар кейбір орта және жоғарғы оқу орындарының жұмысына, білім сапасына көңілдері толмайтынын жеткізді. Қабылдау кезінде Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтанда негізсіз жұмыстан шығып қалған педагогты жұмысқа орналасуды тапсырды. Министр білім саласын тың өзгерістер күтіп тұрғандығын да ескертті.

 Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Біраз заңнамаға өзгеріс енгізу керек. Сол өзгерістерді қазіргі уақытта дайындап, іске асыру жұмысына көшіп кеттік. Атап айтсам, аудандық, қалалық білім бөлімдері облыстық білім бөлімдерімен бірігіп жұмыс істеуін бекіту. Бұл қаржы мәселесі болсын, басқару бойынша да өте тиімді деп сенемін.


Г. Утемисов