Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралдық мектеп мұғалімі орман ішінде асылып қалды

AstanaTV
04.10.2019ж. 20:00
3017
Оралдық мектеп мұғалімі орман ішінде асылып қалды

Оралда мектеп мұғалімі асылып қалды. Қазір полиция осы оқиғаға байланысты «Өзін-өзі өлімге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарына кірісті. Ал жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 116 адам өзіне қол жұмсап, өмірімен қош айтысыпты.

Ағашқа асылып тұрған мұғалімді көршісі жол бойындағы орман ішінен тауып алған. Тергеу барысында оқытушының жеке көлігімен таңертең жұмысқа кеткеннен оралмағаны мәлім болды. Тіпті, телефонын да көтермепті.

Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Яғни ол «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қарастырылды. Қазір алдын-ала қаралған кезде оның қалтасынан ешқандай күдікті жазба әлде телефонының ішінен ешқандай жазба қалдырмаған.

21 жастағы мұғалім Орал қаласындағы 48-мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ беріпті. Жұмысқа биыл орналасқан. Әріптестері марқұмды жақсы қырынан сипаттайды. Бірақ жас маманның өзіне қол жұмсауына не себеп болғанын білмей дал. Ал мамандар мұның себебі тереңде дейді.

Раиса БАЙДАЛИЕВА, ПСИХОЛОГ:

Ата-аналардың баласын өзгелермен салыстырып, оларды үлгі қылуы - қателік. Өйткені, бүлдіршін жұрттың жақсы баласындай бола алмағанына қорланып өседі. Осылайша өзінің өмірін түкке тұрғысыз деп санап, осындай қадамға бел байлайды.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Былтыр 113 суицид оқиғасы тіркелсе, биыл жыл аяқталмай жатып 116 адам өзіне қол жұмсаған. Суицидке барғандардың екеуі кәмелет жасына толмаған. Бұл аздай, тағы 42 адам өмірін қиюға тырысыпты. Мамандар мұның себебін тұрмыстық жағдайдың төмендігімен байланыстырады. Сонымен қатар сүйгенінен ажырап, тума-туыстарымен сөзге келгендерге де бұл өмірдің мәні қалмағандай көрінеді екен.

Е. Карин