Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қостанай тұрғындары 11 жастағы қызды педофилдің зорлығынан құтқарып қалды

AstanaTV
04.10.2019ж. 20:00
2537
Қостанай тұрғындары 11 жастағы қызды педофилдің зорлығынан құтқарып қалды

Қостанайда тапа-тал түсте 11 жастағы оқушы зорлана жаздады. Абырой болғанда көмекке шақырған қызды қала тұрғындары естіп, жабылып жүріп құтқарып қалған. Күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды. Толығырақ Заңғар Санай тарқатады.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Екі күн бұрын 5сынып оқушысы әдеттегідей мектепке бара жатқан. Қарсы алдынан шыққан қарулы жігіт оның қолынан қатты ұстап, бұзылған үйге қарай жүруін бұйырыпты. Алайда Дария айғайлап, айналасындағыларды көмекке шақырып үлгерген.


Алғаш көмекке келген әйелдің қаршадай қызға араша түсуге күші жетпеген соң, өзге адамдарды шақырыпты. Дереу жеткен бірнеше жігіт бірден Дарияны құтқарып, қашпақ болған күдіктіні ұстауға көмектескен.

Дария ХАЛИМЖАН, 5 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Маған қарсы бір ереке келе жатты. Ол жүрісін жыдамдата бастағнда, қаша бастадым. Мені қуып жетіп, құлатып түсірді. Аузымды, бетімді қолымен жапты. Бұзылған үйге жүруімді жән оның әйеліне телефон шалуымды бұйырды.

Күдікті жұлқылап жүргенде оқушы қыз көзілдірігін түсіріп алыпты. Содан кейін көзі қарауытып кеткен. Қаршадай қыз қатты шошып қалған. Екі күннен бері оны бақылап, қасында отырмын дейді,-әкесі.

Қайыржан ӨМІРЗАҚОВ, ӘКЕСІ:

Екі күн жұмысқа барғам жоқ. Қызыма қарап отырмын. Оның жазаға тартылғанын талап етемін. Қайткенмен қызымды зорлауға оқталды ғой.

Полицейлердің айтуынша 28 жастағы күдікті бұрын істі болмаған.Тұрғылықты мекен жайы жоқтардың тізімінде. Соңғы 5-6 жылдан бері «уытқұмар» есебінде тұрған көрінеді.

Жансерік ХАСАНОВ, «СОЛТҮСТІК» ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 120 баптың 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша 15-20 жылға дейін жаза қарастырылған. Күдікті 28 жастағы қала тұрғыны. Ол уақытша қамауға алынды.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Күдіктінің қолынан құтылмақ болған қаршадай қыз жерге құлап, тізесін жаралап, көзін көгертіп алыпты. Қазір оның денсаулығы жақсы.

Ал полицейлер оқушыға  араша түскен адамдардың барлығын  марапаттаймыз деп отыр.

З. Санай