Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматылықтар «Атакент» саябағына көлік кіргізуге тыйым салынғанын құптайды

AstanaTV
04.10.2019ж. 20:00
2906
Алматылықтар «Атакент» саябағына көлік кіргізуге тыйым салынғанын құптайды

Алматыдағы «Атакент» саябағы қала меншігіне ауысқалы бері демалыс орнының келбеті жаңа кейіпке еніп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалды. Алайда, саябақ аумағындағы кәсіпкерлер кірісіміз азайды десе, қарапайым азаматтар жаңартылған орталықтың қазіргі жағдайы әлдеқайда жақсы дейді. Мәселенің мән-жайын Әсем Лесбек тарқатады.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Жыл басынан бері қаладағы «Атакент» кешенінің сыртқы және ішкі аумағы түгелдей қаланың коммуналдық меншігіне ауысты. Яғни, орталық алдындағы автотұрақ жойылып, бірде-бір көлікке кіруге тыйым салынды.

Содан бері кешенге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сынған орындықтар мен бордюрлер түгелдей жаңартылған. Ал жолдар жөндеуден өткен. Алайда, бұрын кәсібін дөңгелетіп жүрген орталық кәсіпкерлері үшін бұл өгерістер тиімсіз болып отыр-мыс.

Дастан ТӨРЕГЕЛДИН, "АТАМЕКЕН" ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
 
Олардың айтуынша, көліктерге Әуезов көшесінен Атекент аумағына кіру бұғатталғалы бері сауда екі есе азайған. Ал 670-ке жуық кәсіпкер шығынғы батып, орталықпен келісім-шартты бұзыпты. 

Любовь РЯЗАНОВА, КӘСІПКЕР:

Бізге тек студенттер тамақтану үшін, ал қарттар серуендеуге келеді.  Мұнда кәсіпкерлер сатушылардан бас тартып, өздері үшін жұмыс істеп жүр.

Алайда қала тұрғындары үшін кешеннің қазіргі жағдайы әлдеқайда ыңғайлырақ болып отыр.

БЛИЦ:

- Біздің бұрынғы әкім Бауыржан Байбек  істегені дұрыс болды. Өйткені, мына  жерде машиналар қалай болса солай жүре беретін. Былай көп қақтығыстар болып жататын. Әсіресе, мына базар болған кезде.

- Жабылғаны ыңғайлы және бұл жақта ойын алаңы болған соң  бәрі кіріп шыға алады.

- Аударма. Жоқ мұнда көліктерді кіргізбегені дұрыс. Әйтпесе, алаң бұрынғыдай Барахолка базарына айналып кетеді. Бұрын сондай еді ғой.


Алматылықтар кәсіпкерлер тарапынан әлеуметтік желіде көтерілген мәселелер еш негізсіз дейді. Тұрғындар көліктердің кіруіне рұқсат берілсе, қауіп күшейеді деп отыр.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Кәсіпкерлердің ұсынысын қазіргі қала басшысы қашан қарайтыны әзірге белгісіз. Дегенмен, жол полицейлері кешенге көліктердің кіруіне қатаң тыйым салып отыр. Өйткені, Тимирязов пен Манас көшелерінің қиылысында солға бұрылуға болмайды дейді.

Ә. Лесбек