Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қарағандылықтар халықаралық «Союз МС-12» экипажын қарсы алды

AstanaTV
04.10.2019ж. 20:00
2037
Қарағандылықтар халықаралық «Союз МС-12» экипажын қарсы алды

Қарағандылықтар халықаралық «Союз МС-12» экипажын қарсы алды. Алыс сапардан сәтті оралған Ресей, АҚШ, БАӘ - інің ғарышкерлеріне аймақ басшылығы қонақжайлылық танытып, қазақи дәстүр бойынша иықтарына ұлттық шапан жапты. Ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин, америкалық Ник Хейг және Біріккен араб әмірліктерінің астронавты Хаззаа Әл Мансури кеше Қарағанды облысының Жезқазған қаласынан 145 шақырым жерге қонған. «Союз МС-12» экипажы 25- інші қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан орбитаға шыққан болатын. Экипаж мүшелері ғарышта жарты жылдай болды. Астронавт Хаззаа Әл Мансури Біріккен Араб Әмірліктерінен ғарышқа сапарға барған тұңғыш азамат. Осы оқиғаның құрметіне оның фотосуреті әлемнің ең биік ғимараты - Бурдж-Халифаға орнатылған.

Хаззаа ӘЛ МАНСУРИ, БАӘ АСТРОНАВТЫ:

Мен өз елімнің алғашқы астронавты болғанымды мақтан тұтамын. Осы алған тәжірибеммен кейін ғарышқа ұшатын басқа да араб астронавтарымен бөлісуді жоспарлап отырмын. Халықаралық ғарыш станциясынан жерді көргендегі өз сезімімді сипаттау өте қиын. Ол ерекше бір керемет көрініс. Ғарышта ұзағырақ қалғым келді.

А. Қуаш