Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандық Павлодарда жүр

AstanaTV
07.10.2019ж. 20:00
2831
Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандық Павлодарда жүр

Оңтүстік Кореяда 7 жастағы баланы көлікпен қағып, оқиға орнынан ізін суытқан отандасымыз Павлодарда жүр. Бұл туралы елордада өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Оны ұстау үшін Қазақстан тарапы әзірге шара қолданбаған.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ол ұшаққа билет алып, Қазақстанға қашып кеткен. Қазіргі уақытта бостандықта. Павлодардағы біздің жергілікті құқық қорғау органдары оны тауып, сөйлесті. Корея тарапынан арнайы құжаттар келіп түсті. Енді оны Сыртқы істер министрлігі тиісті механизм бойынша Бас прокуратураға жолдады. Бұл мәселе екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының арасында шешіледі. 

Оқыс жағдай 16-қыркүйек күні, Оңтүстік Кореяның Чангвон қаласында болған. Автокөлік баланы қатты жылдамдықпен келіп соққан. Екі шақырым жүргеннен кейін қазақстандық азамат көлікті тастап, әуежайға келіп Өзбекстанға ұшып кеткен. Көлік тіркелмегендіктен, күдіктіні іздестіру тергеушілерге қиындық туғызды. Қылмыскердің есімі дүкенде пайдаланған банк карточкасы арқылы анықталып отыр.

А. Аскар