Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Латын әліпбиіне көшу жайы талқыланды

AstanaTV
16.10.2017ж. 20:00
2896
Латын әліпбиіне көшу жайы талқыланды

Соңғы ұсынылған латын әліпбиі нұсқасы үйренуге қолайлы. Ағылшын тілін меңгерген адам оны  жаза да, түсіне де алады, дейді «Нұр Отан» партиясының өкілдері. Алматыдағы колледждердің бірінде партияның Түрксіб аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары жастармен және ұстаздар қауымымен кездесіп, латын әліпбиіне көшу жайын талқылады. Екінші рет өзгертілген әліпбидің ерекшеліктеріне тоқталды. Айтуларынша, қосарланған әріптерді апострофтармен алмастырғаны - дұрыс қадам. Оның үстіне, төлқұжаттар мен көлік нөмірлері латын әріптерімен таңбаланған. Үш тұғырлы тіл бағдарламасы аясында ағылшын тілі де жаппай үйретілуде. Осы әрекеттер латын әліпбиін оңай қабылдауымызға үлесін тигізеді деген сенімде.

Нұрланбек Әжібаев, «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Кириллицаға 40-шы жылдары көшсек, оның алдында бізде түгел латын әліпбиі болған. Біздің ата-бабамыз латын әліпбиімен жазған. Хатты да, басқаны да. Сондықтан бүгінгі заманда, мен ойлаймын, Қазақстанға қажет нәрсе деп.