Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда қала күніне орай ретро-саябақ ашылды

AstanaTV
16.10.2017ж. 20:00
5025
Атырауда қала күніне орай ретро-саябақ ашылды

Атырауда қала күніне орай ерекше ретро-саябақ ашылды. Жалпы аумағы 3,5 гектарды құрайтын демалыс орнының бір шеті Жайық өзеніне барып тіреледі. Саябақтың ашылу салтанатына 3 мыңға жуық адам қатысты. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев демалыс орындарын көптеп ашу жөніндегі өтініштердің тұрғындар тарапынан жиі түсетінін айтады. Осы орайда «Жеңіс» саябағын кеңейтіп, Жайықтың жағасында тағы бір тамаша демалыс орнын ашу жоспары болған еді дейді. Осы игілікті істі жүзеге асырудың сәті биыл үскен. Ретро-саябақ өткен ғасырдың 50-ші жылдарындағы стильдердің негізінде жасақталған. «Игілік» әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында жүзеге асқан жобаға "Теңізшевройл" компаниясы қаржы құйған. Компанияның бас директоры бұл демалыс орнының қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті мекеніне айналарына сенімді. Мұндай көркем орынның пайда болғанына тұрғындар да қуанышты. 

Жәукен Кушенов, Атырау қаласының тұрғыны:

Бұл халық үшін, жастар үшін үлкен тәрбиелік қасиеті бар. Бұл Астанадан кейінгі осы Атырауда үлкен саябақ салынып отыр.

Ақылбек Рысқалиев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

Атырау қаласының халқы мен қонақтарына саябақта көрме залы, демалыс театры, мейрамханалар қызмет көрсетеді. Осынау саябақтың тамаша сәнін келтіріп тұрған, әсіресе түнгі мезгілде түрлі түсті шамдармен безендірілген су бұрқақтар жасақталған.

Ретро-саябақтың аумағында амфитеатр орналасқан. Субұрқақтар мен шағын тоғандар да бар. Ал осы су көздерінде жаяу адамдарға арналған кең әрі жайлы көпірлер орын теуіпті.  Болашақта бұл саябақ атыраулықтар үшін жанға жайлы таптырмас саялы орынға айналары сөзсіз,- дейді ақтамінерлер.