Негізгі / Жаңалықтар / Д. Назарбаева: халықпен жұмыс жасауды жетілдіру керек

Д. Назарбаева: халықпен жұмыс жасауды жетілдіру керек

Жол құрылысы, электр және сумен жабдықтау. Ақтөбе облысының тұрғындары өңірде жұмыс сапарымен жүрген Дариға Назарбаевадан осы мәселелерді шешуге көмек көрсетуін сұрады. Сенат спикері «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында азаматтарды қабылдады. Ол жергілікті тұрғындарды тыңдап, халықпен кері байланыс орнату ісіне жаңашылдықтар енгізу керектігін айтты. Сонымен қатар, Дариға Назарбаева кәсіпкер әйелдермен және еріктілермен кездесті. Сенатор заңнамалық деңгейде белсенді азаматтарды ынталандыру және қолдау тетіктерін құру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ сенатор бүгін Батыс Қазақстан облысына барды. Дариға Назарбаева жергілікті депутаттармен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Олар  Жайық өзеніндегі экологиялық жағдай, кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығын қолдау мәселелерін талқылады. Сапар қорытындысы бойынша, Сенат спикері- әкімдер мен орынбасарлардың қатысуымен ел аймақтарын дамыту жөніндегі парламенттік тыңдау өткізуді ұсынды.

Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сенаттың көлемінде дпутаттардың 70 пайызы маслихаттардан ұсынылады. Сол үшін біз қазір маслихаттармен қарым-қатынасты күшейтеміз деген жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Сенаттың жанында кеңес құрылды. Енді заңға ұсыныстарды, өзгерістерді енгізіп жатырмыз қазіргі заманда.


А. Асқар