Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Психдиспансерден қашқан адам мектеп оқушысын зорламақ болған

AstanaTV
10.10.2019ж. 20:00
2088
Психдиспансерден қашқан адам мектеп оқушысын зорламақ болған

Нұр-Сұлтанда психдиспансерден қашып кеткен күдікті 16 жасар қызды зорламақ болған. Бүгін полицейлер оның осындай айыппен ұсталғанын хабарлады. Оқиға 5 қыркүйекте оқушы қыз мектепке бара жатқанда болған. Бойжеткенді ұстап алып, оны бұталар арасына сүйреген. Оны мектеп директорының орынбасары көріп қалып, өрімдей қызды аман алып қалады. Бұған дейін күдіктінің медициналық мекемеден қашып кеткені белгілі болды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Полиция өкілдері 42 жастағы  Өзбекстан азаматы 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін екенін айтты.

Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті кешкі сағат  22:40-та көшеде жүрген жерінен ұсталды. Қазір оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ғ. Өтемісов