Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"ASTANA LRT" құрылысына қатысты 10-нан астам адам тексеріліп жатыр

AstanaTV
10.10.2019ж. 20:00
2235
"ASTANA LRT" құрылысына  қатысты 10-нан астам адам тексеріліп жатыр

"ASTANA LRT" жобасын салу ісінде кемшілік жіберген 10-нан астам адам анықталған. Қазір оларға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жетекшісі Сергей Перов БАҚ өкілдеріне айтты. Осы іске қатысты тиісті құжаттар тәркіленген. Қазір арнайы білімі бар сарапшылар да тартылып отыр. Экономикалық және құрылыс сараптамалары тағайындалғанын жеткізді.

Сергей ПЕРОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ 2-ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Тергеу кезінде Астана әкімдігінің  лауазымды тұлғалары, сондай-ақ, Астана ЛРТ ЖШС-нің қызметкерлері, мердігер ұйымның басшылары осы іске қатысы бар екені анықталды. Біз әр адамның жауапкершілік дәрежесін анықтаймыз. Кінәлі адамды жазаға тартамыз.

Еске салсақ, өткен сейсенбіде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселені, елорданы дамыту жөніндегі кеңесте көтерген болатын. Тергеуді күшейтіп, басқалармен қатар, құжатқа қол қойған бас қаланың сол кездегі билігін де тексеруді тапсырған еді.

А. Данияр