Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Қазақстан Қытайға жыл сайын 5 млрд текше метр газ экспорттай бастайды

AstanaTV
16.10.2017ж. 20:00
2201
Қазақстан Қытайға жыл сайын 5 млрд текше метр газ экспорттай бастайды

Қазақстан Қытайға жыл сайын 5 млрд текше метр газ экспорттайды. Бүгін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды құбырынан «Орталық Азия - Қытай»  трансұлттық құбырына алғашқы газ жіберілді. Осылайша көгілдір отын экспортының екінші бағыты ашылып отыр. Бұрын газ тек Ресей арқылы Еуропаға тасымалданатын. Жаңа жобаның құны 3,5 млрд доллар. Қуаты жылына 10 млрд текше метр тасымалдауға жетеді. Биыл 40 млрд текше метр газ өндіру жоспарланған. Оның 16 миллиарды экспортталады. 14 млрд текше метрі ішкі нарыққа жұмсалады. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Қазақстандық газ экспорттық бағыты тек қана Ресей арқылы Еуропаға жіберілетін. Бүгін бірінші рет Қазақстан газы басқа елге, басқа бағытқа ие болып отыр.

Ресми деректерге сай, Қазақстан Еуропаға мың текше метр газды 170 долларға сатады. Ал Қытайға сатылатын баға шамамен 200 доллардай. "Қазмұнайгаз" басшылығы жаңа құбыр арқылы газ бағасының қаншаға шығатынын жария еткісі келмеді.

Сауат Мыңбаев, "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы:

Бағасы коммерциялық құпия, қолайлы баға.