Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Бұдан былай экономикалық қылмыс жасағандар қамауға алынбауы мүмкін

AstanaTV
16.10.2017ж. 20:00
3104
Бұдан былай экономикалық қылмыс жасағандар қамауға алынбауы мүмкін

Бұдан былай экономикалық қылмыс жасағандар қамауға алынбауы мүмкін. Мәжілісте құқық қорғау қызметін жаңғырту бойынша заң жобасын таныстырған Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов осындай ұсыныс жасады. Айтуынша, бұл шара бизнеске деген қысымды азайту үшін жасалып отыр. Яғни экономикалық қылмыстар адам өміріне қауіпті емес, деп атап өтті. Бірақ бұл өзгерістің рейдерлік және ұйымдасқан қылмыстық топтарға, қаржы пирамидасын құраушыларға және жалған ақша жасаушыларға қатысы жоқ.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Экономикалық қылмыстар саласында қамаққа алу тек 6 бап бойынша қалып отыр. Басқа, оның ішінде қолдан жалған ақша жасау, рейдерство, қаржылық пирамида, ұйымдасқан қылмыстық топтармен сондай қоғамға қауіп әкелетін. Қалған істер бойынша қамаққа алуға бас тартып отырмыз.

Жаңа заң жобасында адамды санкциясыз ұстау мерзімін ересектер үшін 72-ден 48 сағатқа, ал кәмелетке толмағандар үшін 24 сағатқа қысқарту ұсынылды. Марат Ахметжановтың айтуынша, күдіктіге қатысты қинап жауап алу, мойындату сынды әрекеттер жасалуы мүмкін. Прокурорлар мұның алдын алғысы келеді. Алайда терроризм, есірткі тасымалы, балаларға қатысты зорлық, қасақана адам өлтіру, жаппай тәртіпсіздік орнату сынды ауыр қылмыстар үшін 72 сағат санкциясыз ұстау уақыты өзгеріссіз қалады.