Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Нұр-сұлтанда "Disneyland" салынады

AstanaTV
10.10.2019ж. 20:00
3329
Нұр-сұлтанда "Disneyland" салынады

Нұр-Сұлтанда «Диснейленд» салынады. Бұл туралы «Ақылды қалалар - ақылды дестинациялар» атты жаһандық саммитте белгілі болды. Жергілікті әкімдік мұндай ауқымды жоба арқылы Бас қалаға келетін туристердің санын арттыруды көздеп отыр. Ойын-сауық саябағы қай жерден ашылатыны әзір белгісіз. Белгілісі жобаны іске асыратын инвесторлар іздестірілуде.

Ерлан БЕКМЫРЗАЕВ, ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Disneyland салу үшін барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер керек. Жыл он екі ай жұмыс істеп тұру үшін кешен жабық болуы тиіс. 

Осыған ұқсас жоба бұған дейін де таныстырылған болатын. Оның құрылысы 2018-ші жылы басталып, 2025 жылы аяқталуы жоспарланған еді. Алайда, басқарма басшысы 200 млн долларға бағаланған жобаның тағдырына қатысты сұрақтан тосылып қалды.

А. Мүтәлі