Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде жүздеген шару қожалықтары банкрот болу алдында тұр

AstanaTV
11.10.2019ж. 20:00
3033
Ақтөбеде жүздеген шару қожалықтары банкрот болу алдында тұр

Ақтөбелік шаруалар мемлекеттен субсидия сұрап наразылыққа шықты. Олар мал шаруашылығын дамытуға бағытталған "Сыбаға" бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылғалы күйіміз кетті,- дейді. Фермерлер Үкімет қолдауына иек артып асыл тұқымды мал өсіруге миллиондаған несиелер алған. Енді оны қалай қайтарарларын білмей дал. Шаруаларын жайын тілшіміз Бақыт Рахметова сабақтайды.

Бұл шаруалар өмірін ауыл шаруашылығына арнаған. Көпшілігі өз кәсіптерімен тұтас бір ауылды асырап отыр. Бірақ «Сыбаға» бағдарламасымен кәсіпкерлерді қаржыландыру тоқтаса жағдай қиындайды,- дейді.

Жұмабай БЕКМАҒАМБЕТОВ,  КӘСІПКЕР:

Менің өз басымда 10 млн кредит бар. Егер субсидия тоқтатса шаруашылығыма қиын болады. Биыл Ақтөбеде қуаншылық қатты болып тұр. Биыл субсидия бермеуі қаржы министрлігіне, ауыл шаруашылығы министрлігіне ойламайтын шығар білмейтін шығар мүмкін. Ал биыл Ақтөбеде қуаншылықтан шөп жоқ.

Ислам ҚАРТОВ, КӘСІПКЕР:

Біздің алған кредиттеріміз бар ғой. Міндеттеріміз бар. Сол міндеттерді қайтара алмаймыз деп тұрмыз. Біз банкротқа кетеміз.
 

Шаруалардың айтуынша кәсіптерінде шығын шаш етектен. Қуаңшылықтан, жем-шөптің бағасы да шарықтап тұр. Қысқа мал азығын қамдайтын уақытта  жыл сайынға берілетін субсидияны Қаржы министрлігі қабылдамай тастаған. Ауыл шаруашылығы министрлігі асыл тұқымды мал өсіруге сұраған 36 миллард теңгеден астам қаражат мақұлданбаған.

Салауат ТҮЛКІБАЕВ, КӘСІПКЕР:

Менің шаруа қожалығымда 12 адам жұмыс істейді. Оның 22 баласы бар. Мына субсидия берілмесе тағы қиыншылықтар болса ауа райы қолайсыздығына байланысты. Біз банкротқа кетеміз. Жабыламыз. Ал егер біздер жабылсақ біздің округтан менімен бірге 12 семья қалаға кетеді. Уже шықпа жаным деп жүрміз. Соңғы малымызды тапсырдық.

Мамандардың айтуынша Ақтөбені жүз пайыз етпен, сүтпен қамтамасыз етіп отырған осы шаруалар. Егер оларға мемлекет тарапынан қолдау тоқтатылса онда өнімнің де құны көтеріледі. Ал ең сорақысы қожалықтар жабылып қалу қаупі бар.

Сағынғазы ҚҰРМАНАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ «АТАМЕКЕН» ПАЛАТАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржы министрлігіне заявка берген. Ақтөбе облысы бойынша бүгінгі күні 5,9 милрд осы кісілердің алдында берешагі бар. Төрт миллиардқа заявка қабылданған. Көбісі резервте тұр. Бірақ қаражаттың тапшылығына байланысты бүгінгі күні субсидия төленбей жатыр.

Ауыл шаруашылығын оның ішінде асыл тұқымды мал өсіру ісін мемлекет қаржыландыру әлемдік тәжірибеде бар. Тіпті кейбір елдер оның тиімділігін бағалаған.
 
Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Айта кетейін, бүгінгі күні облыста 7510  шаруа қожалығы бар. Олардың сексен пайызы мал өсіреді. Ал субсидия төлеу тоқталыса оның жартысынан көбі банкрот болуы мүмкін.

Б.Рахметова