Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте Қытаймен тәжірибе алмаспақ. "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қытай Коммунистік партиясының төрағасы Ян Сяодамен кездесу барысында осылай,-деді. Тараптар жемқорлыққа қарсы күресте жаңашылдықтардың керек екеніне тоқталды. Ян Сяода тұрақтылықты сақтауда жаңа сын-қатер барын, оны шешу үшін партиялық бақылауды күшейту керек екенін айтты. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері де талқыланды.
Ғ. Өтемісов