Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / "Nur otan" партиясы арқылы шемімін тапқан мәселелер

"Nur otan" партиясы арқылы шемімін тапқан мәселелер

Ақтөбеде ауыз суға мұқтаж «Бауырластар» ауылының мәселесі уақытша болса да шешілді. Көп жылдан бері тіршілік нәрінсіз отырған тұрғындарға  «Nur Otan» партиясы құдық қойып берді. Одан бөлек, партия үй-күйі жоқ азаматтарға қолғабыс болып келеді.

Негізі бұл «Бауырластар-1» ауылының тең жартысы көп жылдан бері ауыз сусыз отыр. Аймақта су құбыры тартылмаған. Жергілікті жұрт бар мәселені партия өкілдерімен болған қоғамдық қабылдауда көтерген. Енді ол оң шешімін тауыпты.
 
Нұрлыбек ЖҮСІПОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы тұрғыда біз енді қызметтік хат жаздық. Қала әкіміне шықтық. Ақбұлаққа шықтық. Солар арқылы біздер осы арада уақытша пайдалануға колонка қондырдық. Қазіргі уақытта ауыз су мәселесі уақытша шешіліп отыр.

Елді мекенді сумен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттар дайындалған. Бұл мақсатқа қаржы бөлу мәселесі жуырда қалалық маслихатта қаралмақ. Ауылды толықтай ауыз сумен қамту келесі жылға қалып отыр. 

Мұнайтпа ӘБУБӘКІРОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Су жетпегенде трассаның бойынан колонка шығарып берді. Әкім Сазды қала әкімі және «Nur Otan» благодаря үйді салып, суды дайындап берді. Енді Бауырластар -з  сусыз отыр. Машинамен тасиды.

Өскемен қаласының тұрғыны Жеңісгүл Уанбаева да мәселесін партияның көмегімен шешіп алды. Бірінші топтағы мүгедек қызын жалғыз өзі бағып отырған ана, уақытша баспана сұрапты. Тозығы жеткен үйі жөндеу жұмыстарын қажет еткен. Партия коммуналдық қызметтерге қосылмаған, есігі жоқ, қабырғалары құлаған баспанаға күрделі жөндеуді де мойнына алыпты. Сонымен қатар, 7-сыныпта оқитын қызына  мектепке керек-жарақтарын да алып берген. 

Әнуарбек МҰХТАРХАНОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол кісі сұрағаннан кейін біз өзіміз, мына партия қызметкерлері көмектестік. Екі комнаталы үй, ішін ақтап, ленолеум төсеп. жаңағы светін тартып деген сияқты үйін жақсылап жөндеп бердік.  Енді ол біздің партияның, облыстық филиалдың өзінің жекелей ұйғарымымен жасалған мәселе.

Партия қызметкерлері қоғамдық қабылдауға өтінішпен келетін қазақстандықтардың күн санап артып келе жатқанын айтады. Мүмкіндігінше, әр азаматтың мұң-мұқтажын орындауға тырысамыз дейді.

А. Мүтәлі