Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жүздеген студент Алматыдағы жұмыспен қамту орталығы арқылы қызметке орналасты

AstanaTV
11.10.2019ж. 20:00
4305
Жүздеген студент Алматыдағы жұмыспен қамту орталығы арқылы қызметке орналасты

Биыл жүздеген студент Алматыдағы жұмыспен қамту орталығы арқылы қызметке орналасқан. Мамандар мектеп оқушыларына да жұмыс ұсына алады. Орталықта бүгінде жұмыссыз жастарға арналған бірнеше бағдарлама бар. Атқарылған жұмыстар жайлы, келесі бейнематериалда.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары Алматы колледждерінің студенттеріне мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасының артықшылықтарын түсіндірді. Мұндай дәрістердің жастар үшін аса маңызды. Өйткені, қазір Алматыда жұмыссыздық деңгейі жоғары. Бұл қаладағы колледждер мен университеттердің көптігіне байланысты болуы да мүмкін. Мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламасының ең танымал бағыттарының бірі - ол тәжірбие жинақтау арқылы, табыс табу.

Керімқұл ЖӘКЕТАЕВ, АЛМАТЫ қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Жас маман диплом алғаннан кейін жұмыс берушілерге жүгінсе, олар жұмыс тәжірибесін сұрайды. Сондықтан кез-келген жас маманға қызмет табу қиынға соғады. Өтініш берген кезде біз оларды жұмыспен қамту орталығымен келісім-шарт жасасқан ұйымдарға жібереміз. Онда олар өз мамандықтары бойынша еңбек ете алады.


Өткен жылы жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 мыңнан астам адам тәжірибеден өткен. Олар биыл бастап тұрақты табысы бар еңбекке араласқан. Жастарды қолдауға арналған бағдарламаның тағы бір бағыты - студенттерді жұмысқа орналастыруға негізделген. Тіпті мектеп оқышылары да бос уақытында жұмыс істей алады. Еңбегі үшін ақы да төленеді.

Керімқұл ЖӘКЕТАЕВ, АЛМАТЫ қ. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:


Колледждер мен университеттерде оқитын студенттер және 9-11 сыныптардың оқушылары сабақтан тыс уақытта қоғамдық жұмыстарға орналасуына болады. Оларға мемлекеттік бюджеттен жалақы төленеді.

«Еңбек» бағдарламасы арқылы жас мамандарға өз ісін ашуға, кәсіпкерлік дағдыларын үйренуге және мемлекеттен қаржылай қолдау алуға жағдай жасалған. Мамандардың пікірінше, "Жастар жылы" қазақстандықтар үшін көптеген мүмкіндік береді. Ең бастысы жұмыс істеуге ниетті бар жас, оны тиімді пайдалану керек деп отыр.

Ә. Асқарұлы