Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Жалғызбасты әке баспанаға мұқтаж

AstanaTV
15.10.2019ж. 20:00
4560
Жалғызбасты әке баспанаға мұқтаж

Елордалық жалғызбасты әке 2 баласымен аядай үйде тұрып жатыр. Сыз тартқан, суық бөлмені 25 мың теңгеге жалдайды. Оның өзін жәрдемақыдан төлеп отыр. Асылбек Данияр жалғызбасты әкенің жағдайымен танысып келді.

Қайрат бас қалаға 13 жыл бұрын көшіп келген. Әйелін 3 жыл бұрын екінші күйеуі айуандықпен өлтірген cоң балалары жетім қалмасын деп бауырына алыпты. Үлкен ұлы 3-сыныпта оқыса, кенжесі бірінші сыныпта. Әкелерімен баспана жағалап жүрген Расул мен Ільяс қолдарына қалам-қарындаш түссе, үйдің суретін салады.

Расул ӘУБӘКІРОВ:

 
Үлкен үйде тұрғым келеді. Папаммен, ініммен. Таза, әдемі, кең.


Қайрат ӘУБӘКІРОВ, ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ӘКЕ:

Бізге де удобства керек. Қаражаттың жағдайы ғой. А так тоже блогостройда тұрғымыз келеді. Жаңағы су ысытпайтын дегендей.

Су тасу, ысыту, киім жуу, үйдің барлық тірлігін жалғызбасты әке өзі істейді. Бірі сабаққа кетсе, екіншісін дайындайтын ол әзірге жұмыссыз. Қол қусырып отырмай, арасында балаларын көршілеріне тапсырып, жалдамалы құрылыс жұмыстарын істейді. Бірақ ол табыс тұрақты болмағандықтан, өлместің күнін кешіп жатырмыз дейді. Қазір жәрдемақыға жан бағып отыр.

Абай БАЙБOЛДИН, НҰР-СҰЛТАН қ. "ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ" ДИРЕКТОРЫ:

Жалғызбасты әке  2010, 2012 жылғы екі баласын тәрбиелеп отыр екен. Осы мамыр айынан бастап жаңағы отбасыға АӘК тағайындалған. Тағайындалған соммасының көлемі 299 796 теңге. Жартыжылдың ай сайын 49 966 теңге алады.

Жалғызбасты әке жәрдемақының жартысын жалдамалы панасына берсе, қалғанын азық-түлік пен керек-жараққа жеткізеді. Сондықтан баспана алу әзірге арман ғана.

Арманай ҚАБДЕШОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. "ТҰРЫН ҮЙ ҚОРЫ" КММ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде 47175 адам тұрү Соның ішінде Қайрат Талғатбекұлы 2017 жылдан бастап әлеуметтік жағынан осал топтар тізімінде. Соның ішінде толық емес отбасы тізімінде тұр. Қазіргі таңдағы оның кезегі 17719. Қазіргі таңда толық емес отбасы санатына көптеген бағдарламалар қарастырылған.

Қалалық "Тұрғын үй қоры" мекесінің маманы мұндай отбасылар үшін 3 бағдарламамен үй алуға болатынын айтады. Бірақ біріне қатысу үшін арнайы мамандық қажет болса, екеуіне алғашқы жарна төлеу керек. Ал "Жұмыспен қамту" орталығының директоры Қайратты тұрақты жұмысқа орналастырудың жолын қарастырмақ.

А. Данияр