Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жасөспірімдерді азғырған «Қазақстан фермерлер одағының» бұрынғы төрағасы 19 жылға сотталды

AstanaTV
16.10.2019ж. 20:00
1482
Жасөспірімдерді азғырған «Қазақстан фермерлер одағының» бұрынғы төрағасы 19 жылға сотталды

Жасөспірімдерді азғырып, зорлаған деген күдікке іліккен «Қазақстан фермерлер одағының» бұрынғы төрағасы 19 жылға сотталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Жасөспірімдерді азғыру, зорлау және басқа да жыныстық сипаттағы құқық бұзушылықтар бойынша айыпталған ол осы жылдың ақпан айында тұтқындаған еді. Сол кезде полицейлер күдіктіні саланы дамыту жөніндегі стратегиялық маңызды мәселелерлі қарап жатқан жиын ортасында ұстап әкетті. 67 жастағы азамат біршама қоғамдық және өнеркәсіп саласында лауазамды қызметтерде болды. 2009 жылдан бері «Қазақстан фермерлер одағының» төрағасы қызметін атқарып келді.

Ботагөз БАЯНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сот үкімімен Әуезхан Дарынов ҚК-тің 124 бабының бірінші бөлігі, 122 бабының 1-ші бөлігі, 120 баптың 1-ші бөлігі, 121 бабының 4-ші бөлігі және 124 бабының 3-ші бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, кәмелеттік жасқа толмағандар жұмысымен байланысты педагогикалық және өзге қызметпен айналысу құқығынан өмір бойынан айыра отырып, 19 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланды.

А. Мүтәлі