Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елде жанармай бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды

AstanaTV
16.10.2019ж. 20:00
1639
Елде жанармай бағасы жыл соңына дейін қымбаттамайды

Бензин бағасы көршілес мемлекеттермен теңесуі мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен республикалық қоғамдық қабылдау кезінде белгілі болды. Ол мыңдаған тонна жанармай шетелдіктердің еншісінде кетіп жатқанына тоқталды. Енді бензинді шекарадан шығаруға шектеу күшейтілмек. Бұдан былай жүргізушілер тек бекітілген мөлшерлемемен жанармай бактерін ғана толтыра алады,-деді ол. Ал елдегі жанармай құны әзірге қымбаттамайды. Министр нарықты тұрақтандыру үшін бағаның кезең-кезеңімен шекаралас мемлекеттермен теңесетінін жеткізді.

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:

Нарықта бензин мен дизель отынында толқулар жоқ. Қазір барлығы сұранысқа сай реттеліп отыр. Әрине, елдегі бензин бағасының төмен болуы жүргізушілерге жақсы. Бірақ, біз көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдермен бағаны теңестіруге мәжбүр боламыз.

Қоғамдық қабылдауда аймақ тұрғындары министрге өз шағымдарымен жүгінді. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны үйінің ауласынан бірнеше газ құбыры тартылғанына налыды. Алексей Иголкин учаскесінде үйін қайта құра алмай отыр.  Ол министрден жағдайды реттеуге көмектесуін сұрады. Қанат Бозымбаев мәселені шешуді өз бақылауына алатынын айтты.

Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:


Негізі мұны сот арқылы шешуіңізге болар еді. Бірақ, бізге де жазбаша хат қалдырыңыз. Қандай жағдай болмасын, мәселені шешуге тырысамыз.


Ғ. Өтемісов