Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

"Nur Otan" партиясының қолдауымен 100-ден астам бала тегін ем алған

AstanaTV
16.10.2019ж. 20:00
2314
"Nur Otan" партиясының қолдауымен 100-ден астам бала тегін ем алған

Биыл "Nur Otan" партиясының қолдауымен 100-ден астам бала тегін ем алған. Партияның қоғамдық қабылдауында түскен өтініштер бойынша түрлі санаттағы балалар тиісті мекемелерге жатқызылыпты. "NUR OTAN" партиясының Нұр-Сұлтан қ. филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов 5-10 отбасыға 1 жыл бойы мединициналық көмек үшін сертификаттар табыстайтынын жеткізді. Оның айтуынша, игі істер әлі де жалғасын табады.

Ерлан КАНАЛИМОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ НҰР-СҰЛТАН қ. ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жыл басынан бері бізде 25 бала бар, ДЦП диагнозымен. Олар өзіміздің республикалық орталықтардан тегін ем алды және де 20-дан астам жағдайы төмен отбасыларға дәрі-дәрмекпен көмек көрсетілді. 30-ға тарта отбасы медициналық көмектермен қамтылып отыр. Балалар үйіндегі 38 балаға жыл басынан бері тегін оталар жасалды.

Партияның квотасын алғандардың бірі - Меруерт Стамбекова. Оның 2 жастағы ұлы әлі жүрмеген. Балаға "Невропатия" диагнозы қойылыпты. Ем-шара алған баланың бойында оң өзгерістер байқала бастады дейді, анасы.

Меруерт ИСТАМБЕКОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Көп жерге бардық, нәтиже болмаған соң, біз "Nur Otan" партиясынан көмек сұрадық. Нәтиже бар, балам кішкене болса да аяғын басуға талпынуда. "Балаларды" оңалту орталығының дәрігерлеріне рақмет айтамыз. Бізге ұнады.

А. Данияр