$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда мемлекеттік қаржыны игермегендер енді айыппұл төлейді

AstanaTV
17.10.2019ж. 20:00
1674
Қазақстанда мемлекеттік қаржыны игермегендер енді айыппұл төлейді

Мемлекеттік қаржыны игермегендер енді айыппұл төлейді. Мұндай мәлемдемені Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Сенат қабырғасында айтты. Ол үшін бүгінде әкімшілік бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу қаралып жатыр. Бұл арқылы ел қазынасынан бөлінген қаражатты игерудің сапасы мен тиімділігін арттыру көзделген. Осылайша енді аяқсыз қалған  бағдарламаға жауаптылар жазадан қашып құтыла алмайды.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:


Бағдарламаға жауапты барлық жетекшілер жауапқа тартылады. Оның ішінде министр, әкімдер де бар. Қазір айыппұлдың көлемі анықталып жатыр.

Ведомство басшысы «9 ай толғатып, туа алмаған» «Жас маман» жобасының да жетекшілері жазасыз қалмайтынын айтты. Бүгінде депутаттар сынына ұшыраған  бағдарламаға жауапты Білім министрлігінің бір маманы сөгіс естіпті. Бірақ вице-министр оның атын-атап, түсін түстемеді.

Шолпан КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

- Жаңа сөгіс жарияланды дедіңіз, неше сіздердің министрліктеріңіздің өкілдеріне осы бойынша сөгіс жарияланды?
- Бір адамға
- Аты кім, қай кісі? Департамент немесе?
- Жоқ, тағы қандай сұрақтарыңыз болады.


А. Мүтәлі