Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Оралда ксенон фарлы көліктерге жорық басталды

AstanaTV
18.10.2019ж. 20:00
3833
Оралда ксенон фарлы көліктерге жорық басталды

Оралда көлігіне ксенон және LED-лампаларын заңсыз орнатқан жүргізушілерді тексеру күшейді. Өйткені өңірде соңғы кездері жол апаты жиілеген. Қазан айы басталғалы бері 14 адамның ажалы жолда болған. Қауіпсіздік шараларына күш салған полиция көлікке заңсыз орнатылған шамның да апатқа себепкер екендігін айтады.

Полицейлердің сөзінше, жол апатының 90 пайызына жүргізуші кінәлі. Жылдамдықты асырып, жол ережесін бұзғандармен қатар, сәулесі көз қарықтыратын LED-лампаның да лаңы аз емес.

Тоқтатылып, тексерілген көліктердің бәрінде ксенон және LED-лампалары орнатылғаны анықталды. Иелеріне 37 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, ал енді бірі көлігінен айрылмау үшін сол бойда кесірлі шамнан құтылуға асықты.

Бауыржан ҚАЗИМОВ,  ЖҮРГІЗУШІ:

Бұл фар көлікпен бірге келді. Осыған дейін де бір рет тоқтатқан. Енді осылай әурелеп, айыппұл сала беретін болса, мүлдем алып тастаймын, пәлесінен аулақ!


Қазақстанда LED лампаларға әлдеқашан тыйым салынған. Бірақ басқа елден әкелінетін көліктердің көбінде осындай шам тұр. Жүргізушілердің басты сылтауы - осы, бірақ полицейлердің сөзі қысқа - заңға бағыну керек.

Асылбек ТӨРӘЛІ, БҚО ПД ЖОЛ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Лед фара бойынша 200-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды жүргізушілерге. Түсіндіру жұмыстарын әрдайым жүргізіп отырамыз. Алайда түсінбейтіндер болады арасында, соларға әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктері айыптұраққа қойылады.

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 250 жол апатынан 91 адам опат болған. Ал қазан айы басталғалы 14 адамажал құшыпты. Қауіпсіздікке күш салған полиция енді мұндай шамдарды түгел алдырып тастамақ.

Е. Карин