Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Әйелі мен ұлына оқ атқа күдікті 15 жылға сотталуы мүмкін - ПД

Әйелі мен ұлына оқ атқа күдікті 15 жылға сотталуы мүмкін - ПД

Елордалық 59 жастағы ер адам баласы мен бұрыңғы әйеліне оқ атты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мамандары хабарлады. Бірнеше жеріне оқ тиген 55 жастағы әйел оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ұлы болса, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Қанды оқиғаға мүлік таласы себеп болды ма? Әріптесім Асылбек Данияр мәселеге үңіліп көрді.

Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:


Қайғылы жағдай түнгі 10-дар шамасында болған. Суық қару мен әйелдің даусын естіген көршілері дереу полиция шақырған. Өкінішке орай, полицейлер келгенше, әйел жан тапсырған. Көршілерінің сөзінше, араққа сылқия тойып алған күдікті оқиғадан кейін де суық қаруын асынып алып, пәтер жағалап жүрген.


Ұрыс-керістің себебі, әлі нақты емес. Жоғары қабаттағы көршісі Ерлан бұл жағдайға сене алар емес. Өйткені көршісінің ерсі қылығын да, отбасының кикілжіңінде бұрын соңды естіп- көрмедім деп отыр.

Ерлан КЕНЖЕТАЕВ, КӨРШІСІ:

Көршімнің арақ ішіп, мас болып жүргенін осы күнге дейін байқамаппын.Өзі жұмыс істемейді.  Үйінде ұрыс-керіс болмайтын. Оқ атылғанда менің ұлым үйде болған. Ол маған қоңырау шалып, көршілердің ұрысып жатқанын айтты.


14 жылдан бері көрші болып тұрған Галина Латыпова қонсы отбасының жағдайын жақсы біледі. Тек соңғы рет сөйлескен кезінде, екі әйелінен психологиялық қысым көріп жүргенін айтып, шағымданған.

Галина ЛАТЫПОВА, КУӘГЕР:

Ол жаман ер азамат емес. Илиястың анасы 6-шы әйелі, ал қайтыс болған 5-шсі.. Олар оны екі жақтан шаршатқан сияқты. Ол үнемі «мыналар мені шаршатты» дейтін. Үйін сатқысы да келді.  Мен үйіне кіргенде, Илияс «мен қазір өлемін» деп ішін ұстап жылап жатты. Арғы жағына әйел жатыр еді, барсам жаны үзіліп кеткен екен.

Полицияның дерегінше отбасылық жанжал кезінде, үйде бес жасар бала мен күдіктінің ажырасқан әйелі болған. Дәрігерлер, ауыр жағдаймен жеткізілген балаға шұғыл ота жасапты.

Біржан ДОСМАИЛОВ, №2 ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Іш жағында жарақаты бар. Сол баланы жедел түрде ранимация бөлімшесіне  жатқызып, дайындық өткізгеннен кейін шұғыл түрде операция жасалынды. Лопорцкопиялық операция. Қазіргі жағдай баланың тұрақты. Баланы қазіргі таңда, дәрігерлермен көріп шықтық. Ол баламен қазіргі уақытта балалар психологы айналысып отыр.

Полиция анықталғандай, күдікті аңшы мылтығын пайдаланған. Оның қаруға рұқсат қағаздары да болған.  

София ҚЫЛЫШБЕКОВА,  НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Белгілі болғандай осы қылмысты ол мас күйінде жасағаны анықталды. Күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторна қамауға алынды.  ҚР қылмыстық кодексінің «Кісі өлтіру» яғни 99-ншы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.


Көршілердің айтуынша қайтыс болған әйелмен отағасы ажырасқан. Олардың ортақ екі ересек баласы бар. Сот отбасына тиесілі пәтерді бөліп алуға шешім шығарған. Осы аралықта екеуі де сол пәтерде тұрып келген. Ер адамның кінәсіне дәлелденсе, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

А. Данияр