Биыл бензин бағасының өсуіне еш негіз жоқ. Энергетика министрі бүгін осылай деді. Министр жанармай қымбаттаған жағдайда қозғалтқыш көлемі 3-ке дейінгі авто жүргізушілерді көлік салығынан босатуды ұсынды. Сондай-ақ қазақстандық бензинді сыртқа шығаруды шектеу үшін тиісті шаралар қабылданбақ.
Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
Биыл бензин мен дизель отынының бағасын өзгерту үшін ешқандай негіз жоқ. Сыбыс, жорамал жасауды тоқтатуды сұраймын. Биыл акциздерді қоса алғанда, ештеңе өзгертпейміз. Болды.
Сондай-ақ, жыл басынан бері көрші елдерде тіркелген темір тұлпарлардың қатысуымен 60 мыңнан астам жол ережесі бұзылған. 817 миллион теңге көлемінде айыппұл салынғанымен, оның 7 пайызға жуығы ғана қазынаға түскен.
Әлібек КЕҢЕСБАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Биыл олардың қатысуымен болған апат салдарынан 58 адам мерт болып, 314-і жарақат алды. Біз Бас прокуратурамен, кредиттік бюромен, Ұлттық банкпен көлік иелерін сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргіздік. Заңнамаға сәйкес, Қазақстанға уақытша кірген кез келген көлік құралы міндетті сақтандыруға жатады. Енді көлік басқарып жүрген адамдар жол ережесін бұзса, бұл фактілер олардың мекен-жайына жіберіледі.
Ә. Өмірзақ