Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев император Нарухитоның таққа отыру салтанатына қатысты

AstanaTV
22.10.2019ж. 20:00
1505
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев император Нарухитоның таққа отыру салтанатына қатысты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға сапары барысында Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті оны лауазымымен құттықтап, алдағы күрделі жұмысына табыс тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға император Нарухитоның таққа отыру ресми салтанатына қатысу үшін барған еді. 30 жыл билік еткен император Акихито сәуір айында отставкаға кетті. Бүгін ханзада Нарухито таққа отырды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті шараға бекітілген «White Tie» (Уайт ти) дресс-код үлгісінде киінді. Ұлықтау рәсіміне 2 мыңға жуық қонақ шақыртылған.

Синдзо АБЭ, ЖАПОНИЯНЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Ресми ұлықтау салтанының дәл осы күні өткені расталады. Мен мәртебелі императордың таққа отырғанын құрметпен жариялаймын!

Ә. Асқарұлы