Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Келесі жылы 15 мың студентке арналған жатақхана салынады

AstanaTV
22.10.2019ж. 20:00
2473
Келесі жылы 15 мың студентке арналған жатақхана салынады

Бос қалған немесе құрылысы аяқталмаған нысандарды студенттік жатақханаларға айналдыру қажет. Қаржы орталығы осындай ұсыныс тастады. Олардың пайымынша бұл- жеке кәсіпкерлер үшін де тиімді болмақ. Ел аумағы бойынша 90 мың студентке жатақхана қажет.   Толығырақ, тілші материалында.

Студенттер үшін жатақхана мәселесі, әлі күнге өзекті. Әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында студенттер үйі жетіспейді. Қаржы орталығы инвесторларды тарту арқылы мәселені шешуге болатын жоба ұсынып отыр. Мемлекет 8 жыл бойы инвесторды қаржыландырады. Жаңа нысанның құрылысы үшін жыл сайын әр орынға 300 мың тенге бөлінбек. Ал ескі ғимаратты қалпына келтіру бойынша 120 мың теңге қарастырылған.
 
Талғат ТҰРСЫНБАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ ПРЕЗИДЕНТІ:


"Даму" бағдарламасына өзгеріс енгіздік. Бұл өзгеріс бойынша, егер де сіз кәсіпкер бола тұра банкке несие алған кезіңізде сіздің 9 пайыз несиеңізді субсидиялайды және 50 пайыз кепілдік беріледі. "Даму" арқасында. Ол дегеніміз өте бір жақсы жеңілдіктердің бірі болып саналады.


Есесіне жатақхана кәсіпкердің меншігіне қалады. Қаржы орталығы инвесторға жалғыз ғана талап қойып отыр. Нысан тұрғызылғаннан кейін 20 жыл бойы студенттік үй есебінде тұруы тиіс.

Гүлнар ТҮГІБАЕВА, "BEST REALTY ASTANA" КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Инвесторлар тарту арқылы студенттік үйлер салу  Еуропа елдерінің тәжірибесінде бар. Студентке қолайлы жағдай жасау үшін жатақхана ішінен фитнес зал, бассейн, асхана мен кітапхана сияқты коммерциялық алаңдарды салынады.  Кәсіпкер оны жалға беру арқылы табыс табуына болады. Бұл жоғарғы оқу орындары үшін де тиімді.

Мұндай жатақханада тұру білім алушы жастар үшін де қолжетімді. Орта есеппен, әр студент айына 20 мың теңгеге шығындалады.

Ералы САУРАНБАЕВ, «SHEBER PARTNERS» ЖШС  БАС ДИРЕКТОРЫ:

Бұл жоба коммерциялық жағынан тиімді. Сондықтан оны әрі қарай да дамыту көздеп отырмыз.  Студенттік жатақханалар халықаралық стандарттарға сай салынады.  

Былтыр ел аумағында мемлекеттік тапсырыспен 3000 орындық жатақхана тұрғызылған. Ал биыл Алматы, Шымкент, Қарағанды, Маңғыстау және Жамбыл облыстарының студенттері, жалпы есеппен 5000 студент жатын орынмен қамтылды. Келесі жылы дәл осы жоба аясында 15 мың білім алушыға арналып студенттік үй салынбақ.
 
А. Мүтәлі