$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстанда жерге қатысты қылмыс өршіп тұр

AstanaTV
23.10.2019ж. 20:00
2875
Қазақстанда жерге қатысты қылмыс өршіп тұр

Қазақстанда жер қатынастары қатысты қылмыс өршіп тұр. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы жанындағы арнайы комиссия отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері айтты. Әсіресе Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар и Түркістан облыстарында жағдай ушыққан.

Олжас БЕКТЕНОВ,  ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Әрбір бесінші құқық бұзушылықты, жер қатынастары басқармалары мен бөлімдерінің лауазымды тұлғалары жасаған. 110 қылмыс жасалған. Олар жер учаскелерін беру кезінде лауазымын асыра пайдалған, пара алған, алаяқтыққа барған. Сондай-ақ, жалға алу құқығын заңсыз ұзартқан.


"Nur Otan" фракциясының мүшесі Майра Айсина жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты жою үшін, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырды. Осы арқылы азаматтар қажетті құжаттарын өз бетінше жылдам, әрі делдалсыз ала алады, - деді.

Майра АЙСИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз адамдарды электрондық қызметтерді пайдалануды үйретуіміз керек. Оларға мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болатынын көрсетіп, айтуымыз қажет. Жастар үшін бұл қиын емес. Ересек адамдарға үйретіңдер. Ең алдымен отбасындағы адамдардан бастау керек.

А. Данияр